Ауруын жасырған - өледі
 
                                            Осыдан екі жыл бұрын жарияланған мақала.
Журналистика мамандығын таңдағандағы мақсатым – ана тіліміздің дамуына үлес қосу болатын. Келешекте қоғамға пайдалы маман иесі болып шыға аламын ба деген ой келді. Менің байқағаным қазақтың тілі әлі де төрге озбай тұрған сияқты. Осы жылдың 12 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында халқымызға танымал біртуар тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шахановтың «Ғұмырдария» атты поэзия кеші өтті.
Кешті ұйымдастырушы – мәдениет саласындағы аға-апаларымыз. «Тілдер күні» мерекесіне арналған кештің өтетіндігі, оған қазақ халқының біртуар, танымал тұлға, тіл жанашыры Мұхтар Шаханов қатысатыны жөніндегі хабарламасы халыққа жетпеді ме, әлде қазақ халқының өз тіліне деген енжарлығы ма, әйтеуір, көрермен залындағы бос орын көп болды. Кеш өте тартымды өтті. Мұхтар Шаханов ағамыздың сөзіне жазылған әндер шырқалып, жүректі тебірентер өлеңдері оқылды. Кештегі ерекше әсер қалдырған жай кіп-кішкентай бүлдіршін, не бары төрт жастағы Шәймерден Әскеннің ақын өлеңдерін жатқа оқуы болды. Ақынның өлеңін жатқа оқымақ түгілі, біздің қатарымыздағы студенттер арасында Мұхтар Шахановтың кім екенін білмейтіндері де бар.
Әрине, бүгінгі заман ғаламтордың дамыған кезеңі. Жастар өз қажетін ғаламтор арқылы іздеп тауып, тәжірибе алмасып жатады. Ғаламтор арқылы ойларын бөліседі.
Менің ойымша ғаламтор – «үнсіздік әлемі». Адам бір-бірімен сөйлесу арқылы өз ойын толық жеткізіп, тілін шыңдай түседі емес пе? Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып есептелгенімен, қоғамда өз деңгейінде қолданыста жоқ. Қолында билігі бар бастықтар сөздерін қазақша бастап, содан кейін үйреншікті орыс тілде ұзағынан көсіліп сөйлейді.
Қазіргі жастар бір-бірімен қалыптасып кеткен орыс тілі арқылы пікірлесіп, ой бөлісіп жатады. Сонымен қатар, ғаламтордағы ой-пікірлерін де көбінесе орыс тілінде білдіреді.
Байқап отырсам, «Тілдер күніне» байланысты өтетін мерекелік шараларда көз бояушылық байқалады. Қазақ тілін жетік білетін басқа ұлт өкілін халық алдына шығарып, «Міне, көрдіңіздер ме, қазақ тілін басқа ұлттар да меңгеріп жатыр» дейді.
Мұндай жасандылықпен қазақ тілінің төрге шығуы мүмкін емес.
Жоғарғы оқу орындарындағы студенттер ертең қоғамда өз мамандықтары бойынша қызмет етеді. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарындағы студенттер қазақ тілінің қажеттілігін білуі үшін әр факультеттер жанынан тіл орталықтарын қалыптастырып, ана тілімізді тереңдетіп оқыту қажет. Сонда ғана Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «2025 жылға қарай халқымыздың 95 пайызы қазақша сөйлейді» деген ойы іске асатын болады.
Пы.Сы: "Ғаламтор арқылы ойларын бөліседі",-дегенге пікірім өзгерді. Мысалға керекинфоны алсақ… Осы арқылы ойымызды толықтай жеткізіп те, жазып та жүрміз. Тіпті керекинфодан бастау алған мықты-мықты деген блогер, журналистеріміз қазіргі уақытта ел мақтаныштары. Сол себептенде ғаламтор — "үнсіздік әлемі" дей алмаймын.
2 Пы.Сы: Қалай ойлайсыздар 9 жылда xалқымыздың 95 пайызы қазақша сөйлейді ме?
            
             Жоғарыда айтып өткеніміздей, ана тілімізді дамытуда бос аттаннан пайда жоқ. Мәселен қазақ тілінің жай-күйі туралы қазақ тілді газетке жазып көтерудің пайдасы қанша? Ұлттық мүддеге пысқырып қарамайтын кейбір шекпенді ағаларымыз, ана тілімізде жарық көретін газетпен санасады, оларды оқиды деп ойлау асылық болып шықпай ма? Сондықтан нақты қадамдарға барып, тіл дамытуда өзімізден бастайық. Ол үшін не істеу керек? Егер тілді қалай дамыту керек екенін білмесеңіз, тым құрығанда айналаңыздағылармен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Оған көңіліңіз жақпаса қолыңыздан келетін бір шаруаны қолға алып, нақты қадамдарға барғаныңыз жөн. Мәселен, ғаламтор бетінде қазақша ақпараттар аз. Әсіресе википедияда. Бұлда бір кездері біраз шу болып, жазғыш ағайындар газетте мәселе көтерген болатын. Шешімін тапқан шенеуніктер емес алайда. Қолынан іс келетін азаматтар. Барлығын санамалай бермей, өзім білетін бір жігіт туралы айтып өтейін. Есімі барлықтарыңызға жақсы танымал болуы керек. Қазақша уикипедияның әкімшісі Данияр Тәжімбет деген жігіт. Менен бір жасқа кіші, 94 жылғы азамат. Мектепте оқып жүргенде бір өзі укипедияға жүз мақала салыпты. Қазір сол дүниелер талай ағайынның кәдесіне асып жатыр. Ал енді ойлап көріңізші. Тіліміз дамымай артта қалды деп қазақ газетінде жылауық «жүз» мақала жазған, сол үшін айлық алған жазғыштың еңбегі зор ма? Әлде үндеместен үйде отырып алып, елге пайдасы тиетін һәм ғаламторда қазақ тілінің дамуына үлес қосатын «жүз танымдық мақала» жазған жас баланың еңбегі зор ма?
Жоғарыда айтып өткеніміздей, ана тілімізді дамытуда бос аттаннан пайда жоқ. Мәселен қазақ тілінің жай-күйі туралы қазақ тілді газетке жазып көтерудің пайдасы қанша? Ұлттық мүддеге пысқырып қарамайтын кейбір шекпенді ағаларымыз, ана тілімізде жарық көретін газетпен санасады, оларды оқиды деп ойлау асылық болып шықпай ма? Сондықтан нақты қадамдарға барып, тіл дамытуда өзімізден бастайық. Ол үшін не істеу керек? Егер тілді қалай дамыту керек екенін білмесеңіз, тым құрығанда айналаңыздағылармен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Оған көңіліңіз жақпаса қолыңыздан келетін бір шаруаны қолға алып, нақты қадамдарға барғаныңыз жөн. Мәселен, ғаламтор бетінде қазақша ақпараттар аз. Әсіресе википедияда. Бұлда бір кездері біраз шу болып, жазғыш ағайындар газетте мәселе көтерген болатын. Шешімін тапқан шенеуніктер емес алайда. Қолынан іс келетін азаматтар. Барлығын санамалай бермей, өзім білетін бір жігіт туралы айтып өтейін. Есімі барлықтарыңызға жақсы танымал болуы керек. Қазақша уикипедияның әкімшісі Данияр Тәжімбет деген жігіт. Менен бір жасқа кіші, 94 жылғы азамат. Мектепте оқып жүргенде бір өзі укипедияға жүз мақала салыпты. Қазір сол дүниелер талай ағайынның кәдесіне асып жатыр. Ал енді ойлап көріңізші. Тіліміз дамымай артта қалды деп қазақ газетінде жылауық «жүз» мақала жазған, сол үшін айлық алған жазғыштың еңбегі зор ма? Әлде үндеместен үйде отырып алып, елге пайдасы тиетін һәм ғаламторда қазақ тілінің дамуына үлес қосатын «жүз танымдық мақала» жазған жас баланың еңбегі зор ма? Тағы да сол тіл мәселесі. Өткенде респудбликалық басылымдарды ақтарып отырған едім. (Негізгі мамандығым журналист болғандықтан басылымдарды қарап отыратын әдетім бар). Бір ағамыз көлдей мақала жазыпты. Айтқан сөзі сол баяғы жылауық тақырып. Ұлттық мүде аяқ асты болды, тіліміз өліп барады. Мереке қарсаңында қазақ тілінде жазылған ашық хаттар емес орыс тілділер көптеп сатылады. Қазақы нақышта жазылған кәдесыйлар жоқ… Солай деп кете береді. Бұл бос сөздерден тілдің дамуына қаншалықты пайдалы? Осы мақаланы жазған автор, мәселені басқа қырынан танып ұлттық нақыштағы дүниелер шығарып жүрген жігіттерге қолдау көрсетуге шақырса жөн болар еді. Мәселен, өткен блогерлер құрылтайында Қарағандылық қыздардың жігіттерге ұсынған сыйлығы қазақша күнделік болған еді. Оны жасап шығарған, Қарағандылық Айбек деген жігіт. Болашақпен сонау Лондонда оқып келіп, қазір Қарағанды қаласында жұмыс жасап жатқан жайы бар. Қазақ қыз-жігіттерінің басын қосып шамасы жеткенше ағылышын тілін үйретуде. Одан бөлек, наурызға сыйлық ретінде күнделік дайындатты. Орыстардікі тәрізді емес. Қазақ жыл санауы бойынша 23-наурыздан басталады. Әр бетінде ұлт тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Ұлттық нақышта бейнеленген. Достарыңызға ұялмай естелік ретінде сыйлыққа ұсынуға тұрарлық дүние.
Тағы да сол тіл мәселесі. Өткенде респудбликалық басылымдарды ақтарып отырған едім. (Негізгі мамандығым журналист болғандықтан басылымдарды қарап отыратын әдетім бар). Бір ағамыз көлдей мақала жазыпты. Айтқан сөзі сол баяғы жылауық тақырып. Ұлттық мүде аяқ асты болды, тіліміз өліп барады. Мереке қарсаңында қазақ тілінде жазылған ашық хаттар емес орыс тілділер көптеп сатылады. Қазақы нақышта жазылған кәдесыйлар жоқ… Солай деп кете береді. Бұл бос сөздерден тілдің дамуына қаншалықты пайдалы? Осы мақаланы жазған автор, мәселені басқа қырынан танып ұлттық нақыштағы дүниелер шығарып жүрген жігіттерге қолдау көрсетуге шақырса жөн болар еді. Мәселен, өткен блогерлер құрылтайында Қарағандылық қыздардың жігіттерге ұсынған сыйлығы қазақша күнделік болған еді. Оны жасап шығарған, Қарағандылық Айбек деген жігіт. Болашақпен сонау Лондонда оқып келіп, қазір Қарағанды қаласында жұмыс жасап жатқан жайы бар. Қазақ қыз-жігіттерінің басын қосып шамасы жеткенше ағылышын тілін үйретуде. Одан бөлек, наурызға сыйлық ретінде күнделік дайындатты. Орыстардікі тәрізді емес. Қазақ жыл санауы бойынша 23-наурыздан басталады. Әр бетінде ұлт тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Ұлттық нақышта бейнеленген. Достарыңызға ұялмай естелік ретінде сыйлыққа ұсынуға тұрарлық дүние.